Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан соты ресейлік Юлия Емельянованың өтінішін қанағаттандырмады

Қазақстан соты Навальный штабының Санкт-Петербургтегі бұрынғы өкілі Юлия Емельяноваға пана беруден бас тарту туралы шешімге түсірілген шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы қазақстандық заңгер Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Өз тәжірибемде істің талапкер өкілінсіз қаралғанын бірінші рет көріп тұрмын. Сондай-ақ еліміз ратификациялаған халықаралық БҰҰ нормалары ашық түрде елеусіз қалдырылып отыр" деді Мұрат Адам.

Оның сөзінше, сот БҰҰ-ның Ресейдегі адам құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Марианна Кацарованың үндеуін іске қосудан бас тартқан және мұның себебін түсіндірмеген.

"Халықаралық құқық ережелері мұндай істерде ескерілмейтін болғандай әсер қалдырады" деді заңгер.

Ақпанның аяғында Қазақстан билігі Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатқаны мәлім болған. Белсендінің босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды.

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Белсендіге қаулыны 29 қаңтарда берген. Осыдан соң Емельянованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа шағымданған.

"Ресейдің соғысқа қарсы комитеті" жобасы Юлия Емельянованы Ресейге депортациялау ықтималдығы жоғары деп санайды.

Юлия Емельянова –Emigration for Action және Just Help қозғалысының белсендісі. Ол 2025 жылы 31 тамызда басқа елге транзитпен кетіп бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталған. Ресей Емельяноваға "таксистің телефонын ұрлады" деген айыппен іздеу жариялаған. Қазір белсенді Алматы шетіндегі уақытша изоляторда отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus