Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ресейлік жойғыш ұшақ Атырауға шұғыл қонды

20 ақпанда сағат 9:40 шамасында Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға көпнысанды төртінші буындағы Су-30 жойғыш ұшағы шұғыл қонды. Бұл жөнінде "Ақ жайық" жазды. Ұшқышқа медициналық көмек көрсетілген.

Басылымның жазуынша, ұшақты 1986 жылғы Ресей азаматы, Белорецк қаласының тумасы (Башқұртстан) Дмитрий Нифантьев басқарған. Ақпаратқа қарағанда, ол Каспий теңізі акваториясы үстінде әскери-жаттығу тапсырма орындаған.

Ұшу кезінде ұшқыш бағытынан адасып қалған. Осыдан кейін Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған деп айтылады.

Басылымның жазуынша, жойғыш ұшақ штаттық жағдайда қонған, жолаушылар мен әуежайдың жұмысына қатер жоқ.

Жойғыш ұшақ жерде Атырауда ұзақ болмаған, оған медициналық көмек көрсетілген.

Тиісті процедуралар мен келісімнен кейін ұшақ Атыраудан ұшып, Ресейге оралған.

"Құзырлы органдар оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Ресми түсініктеме берілген жоқ" деп жазды басылым.

Қазақстан қорғаныс министрлігі 21 ақпанға қараған түні 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің жоспарлы жаттығуы өтіп жатқанын хабарлады.

"Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған әуе кемелерін ұстап қалу, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қонуға мәжбүрлеу міндеттері пысықталуда" деп жазылған хабарламада.

Атыраудағы оқиғаның бұған қатысы бар-жоғы белгісіз.

Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарламасында азаматтар мен БАҚ-ты "ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметті таратпауға" шақырған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus