Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ташиевтің отставкасы туралы сұраққа жауап берді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алғаш рет ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевті отставкаға жіберу себебін түсіндірді. Kabar.kg басылымына берген сұхбатында Жапаров мұндай шешім қоғам мен билік арасындағы жікшілдікке жол бермес үшін қабылданғанын айтты.

Қырғызстан президенті қоғамда осы мәселе қызу талқыланғаннан кейін жағдайды өзі түсіндіруді жөн көргенін айтты. Оның сөзінше, Жогорку кеңеште жекелеген депутаттық топтар "кімнің жағындасың?" деп сұрап, "бөліне" бастаған. Оның тұжырымдауынша, тараптардың бірі "генералды" жақтап, "президент жағын" қарсы тарап ретінде сипаттаған.

"Егер мен мұндай шешуші қадамдарды уақытында жасамаған болсам, бұл қарапайым азаматтарға да жайылуы мүмкін еді, ал халықтың өзі екіге бөліне бастар еді. Өйткені менде депутаттар мен жекелеген мемлекеттік қызметкерлерді «генерал» жақтан қорқытып жатқаны туралы дәлелдер болды. Оларға "егер біздің жағымызға өтпесеңіз, генералмен күресуге тура келеді" деп айтылды. Сондықтан осындай шешімді қабылдауға мәжбүр болдым" деді Жапаров.

Президент сонымен бірге шешім қабылдар алдында Ташиевке хабарласып, жағдайды түсіндіргенін, тек содан кейін оны қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойғанын айтты.

"Бұл қадам мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге шақырған 75 адамның хатына қатысы бар ма?" деген сұраққа Жапаров:

"Тіке қатысы бар деп айта алмаймын. Бәлкім, ол сол адамдардың немесе соны ұйымдастырғандардың әсеріне ұшыраған болуы мүмкін. Бәлкім, өзінің қатесін түсініп, депутаттар арасында жікшілдікке жол бергені үшін жауапкершілікті сезінгеннен кейін өзіне осындай қорытынды жасаған болуы мүмкін" деді ол.

10 ақпанда Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметінен босатқан. Ташиевке жақын журналист Нұрғазы Анарқұлов әлеуметтік желіде саясаткердің мәлімдемесін жариялаған. Онда Ташиев президенттің шешімі өзі үшін күтпеген жайт болғанын, десе де оны орындайтынын айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus