Өзбекстанда желіде балағат сөз айтқандар жауапқа тартылуы мүмкін
Өзбекстанда интернетте бейәдеп сөз айтқандарға айыппұл салынуы мүмкін немесе қамалуы ықтимал. Тиісті заң жобасын бірінші оқылымда парламент қабылдады деп хабарлады заң шығарушы органның баспасөз қызметі.
Заң бұзғандарға 5 млн сум (шамамен 400 долларов) көлемінде айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін қамалады.
Мұндай шара әлеуметтік желі мен мессенжер "қолданушыларын тәртіпке шақыруға"бағытталған, кейінгі жылдары қолданушылардың өздерін дөрекі ұстауы жиілеген дейді заң жобасының авторлары.
Қазір республикада бар ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік бап жобадағыдан әлдеқайда аз жазаны қарастырады ( 1,24– 2,06 млн сом, 15 күнге дейін қамау). Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Әлішер Қадыров қатаң шара қажеттігін алға тартты.
Оның сөзінше, мәдени-ағарту жұмыстары мұндай дөрекі әрекеттерді жоя алмайды. Қазіргі кезде жоба тек бірінші оқылымда мақұлданды. Процедураға сәйкес, заң жобасын депутаттар тағы екі оқылымда қарап, одан кейін сенатқа жолдауға тиіс.