Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық журналистер Тоқаевтан Конституцияның 20-бабын сақтап қалуды сұрады

Қазақстандық журналистер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргі Конституцияның 20-бабын сақтап, оны жаңа Конституция жобасындағы 23-баппен алмастырмауды сұрады.

Құқықтық медиа орталығы үкіметтік емес ұйымы бұл өтінішті елдегі журналистер қауымдастығы атынан жасап отырғанын айтқан.

"Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау аясында журналистік қауымдастық сөз бостандығына қатысты өз ұстанымын ашық білдіруді маңызды деп санайды. Әңгіме медиа тәуелсіздігіне, қоғамдық пікірталастың сапасына және құқықтық кепілдіктерге тікелей әсер ететін базалық қағидаттар туралы болып отыр. Осыған байланысты біз Конституцияның 20-бабының қолданыстағы редакциясын сақтап қалуға және оған өзгерістер енгізуден бас тартуға шақырамыз", деген ұйым мәлімдемесінде.

Қазақстан Конституциясының 20-бабында елде сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілетіні, цензураға тыйым салынатыны және әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар екені жазылған. Құқықтық медиа орталығы Конституциядағы осы норма құқықтық тұрғыдан дәл, қысқа әрі негізгі заңның бостандықтар мен кепілдіктерді бекітетін құжат ретіндегі табиғатына сай келеді дейді. Ұйым өкілдерінің пікірінше, сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі деген тұжырым артық түсіндірулерді қажет етпейді және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабына сәйкес келеді.

Құқықтық медиа орталығы мемлекеттік басқаруды жаңғырту Конституцияда сөз еркіндігінің негізгі кепілдіктерін әлсіретпеуге тиіс дейді.

Үкімет жақында жариялаған жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған 23-бап керісінше, Конституция деңгейіне салалық құқықтық реттеуге тән егжей-тегжейлі нормаларды енгізеді. Атап айтқанда, шығармашылық түрлерін тізбелеп, зияткерлік меншікке қатысты ережелерді және азаматтық пен қылмыстық заңда бұрыннан бар нормаларды қайталайды, дейді ұйым.

Құқықтық медиа орталығы мәлімдемесінде жаңа жобадағы "қоғамдық мораль", "қоғамдық тәртіп" сияқты ұғымдарға сілтейтін түрлі бұлыңғыр шектеулер, қылмыстық құқықпен нақты байланысы көрсетілмеген арандатушылық қызмет туралы тұжырымдардың енгізілуі ерекше алаңдаушылық туғызатынын айтқан. Мұндай солқылдақ ережелер оны кеңінен қолдануға мүмкіндік беріп, бұқаралық ақпарат құралдарына қысым мен өзіндік цензураны күшейтуі мүмкін дейді құқық қорғаушылар.

Ұйым өкілдері ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау жөніндегі нормалардың Конституция мен заңдарда қосарланып бекітілуі сот дауларының көбеюіне және қоғамдық пікірталас кеңістігінің тарылуына әкелуі мүмкін деп есептейді. Олардың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдық лауазымды тұлғаларды сынауды шектеуге пайдаланылуы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus