Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Теңіз кенішінде мұнай өндіру қалпына келтірілді

Қазақстан энергетика министрлігі 31 қаңтарда Теңіз кенішінде мұнай өндіру қалпына келтірілгенін хабарлады. Алғашқы ұңғыма бүгін сағат 3:35-те іске қосылған.

"Қазіргі кезде 5 ұңғыма пайдалануға берілді. «Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады" деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, екінші буындағы зауыт 26 қаңтарда іске қосылған. Оны Королев кеніші шикізатпен қамтамасыз еткен.

18 қарашада Теңіз кенішінде турбина трансформаторы өртеніп, кеніште мұнай өндіру тоқтатылған еді. Бұған дейін "Теңізшевройл" компаниясы кеніштегі өрттен кейін CPC Blend мұнай түрін тасымалдауға қатысты форс-мажор жариялаған.

26 қаңтарда "Теңізшевройл" мұнай өндіруді қалпына келтіріп жатқанын, бірақ бұл процесс кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтқан.

Теңіз кеніші Атыраудан 340 шақырым жерде. Оны игеретін "Теңізшевройл" Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді. "Теңізшевройл" мұнай өңдеу концерніне Chevron (50 % акция), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), қазақстандық "ҚазМұнайГаз" (20%) және LUKArco (5%) компаниялары кіреді.

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бірі Теңізден шығады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus