Қазақстандағы бірнеше банк шетелге 7 трлн жөнелтпегенін мәлімдеді
Қазақстандағы бірнеше банк шетелге "7 трлн теңге жөнелтпегендерін" мәлімдеді
Қазақстандағы "Халық банк", "Алтын банк", "Отбасы банк", "Хоум кредит банк", "Еуразиялық банк", Alatau City Bank, Bank RBK, ForteBank, "Центр Кредит банк", "Нұрбанк" және "Фридом банк" шетелге "7 трлн теңге жібермегендерін" мәлімдеді. Бұл туралы банктерге сілтеп, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Мәселен, "Отбасы банктың" баспасөз қызметі "бұл біздің банк емес" деген. Alatau City Bank "бұл ақпараттың өзге қатысы жоқ" деді.
Кеше, 28 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз "жөнелткенін" айтқан.
"Жақында [Қаржылық мониторинг агенттігінің] төрағасы [Жанат] Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады" деген еді.
Тоқаев 7 трлн теңгені шетелге қай банк жібергенін, ақша қай елдерге шыққанын ашып айтпаған.
Сол күні кешкісін Ақорда сайтынан, елдегі ақпарат агенттіктерден, сайттардан Тоқаевтың 7 трлн теңге туралы сөзі алынып тасталған. Ақорда да, сайттар да ақпарат неге алынғанына түсінік берген жоқ.