Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Лукойл" шетелдегі активтерін америкалық Carlyle қорына сатады

Ресейлік "Лукойл" өзінің шетелдегі активтерін америкалық Carlyle инвестициялық қорына сатады. Компания ресми сайтында Carlyle компаниясымен LUKOIL International GmbH сату жөнінде келісім жасасқанын хабарлады.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім аясына Қазақстандағы активтер кірмейді, олар ресейлік компанияның меншігінде қалмақ.
Келісімді АҚШ-тың шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы мақұлдауы керек.
"Лукойл" шетелдегі активтерін сатуға былтыр күзде АҚШ санкциясынан кейін ынта білдірген. Компанияның Қазақстаннан бөлек, Еуропадағы үш мұнай өңдеу зауыты, Өзбекстан, Ирак, Мексика, Гана, Египет және Нигериядағы мұнай кеніштерінде үлесі бар. Бұған қоса, әлем елдерінде жүздеген жанармай станцияларына ие.
Бастапқыда "Лукойлдың" шетелдегі активтерін Ресей президенті Владимир Путиннің досы Геннадий Тимченконың қатысы бар швейцариялық Gunvor компаниясы алғысы келген. Алайда АҚШ қаржы министрлігінің мұны мақұлдамайтыны белгілі болғаннан кейін ұйым жоспарынан бас тартқан.
Осыдан кейін "Лукойлдың" активтеріне бірнеше компания, арасында америкалық ірі мұнай компаниялары Exxon Mobil мен Chevron да бар, қызығушылық білдірген. Одан бөлек, Венгрияның MOL мұнай-газ компаниясы, Pornhub-тың бұрынғы иесі, австриялық кәсіпкер Бернд Бергмайр да ынта білдірген.

Былтыр қарашада АҚШ санкцияға ұшыраған ресейлік компаниялар «Лукойл» мен «Роснефтке» Қазақстандағы Қарашығанақ, Теңіз кеніштері мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бойынша операциялар жүргізуге рұқсат берген.

Қазақстанда "Лукойл" компаниясы "Теңізшевройл" консорциумында - 5% үлеске, Қарашығанақ кен орнының операторында – 13,5%, Kalamkas-Khazar Operating-те 50% және "Әл-Фараби Operating-те" 49,99 пайыздық үлеске ие. Ресейлік компания сонымен қатар Хвалынск және Орталық кеніштерін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен ортақ кәсіпорындар арқылы бірігіп игереді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus