Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада апелляциялық сот SotReport.kz басылымының пайдасына шыққан шешімді күшінде қалдырды

Астана қалалық сотының апелляция алқасы "СпецТреидТМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің іскерлік беделін қорғауды және жарияланған материалды алып тастауды сұрап SotReport.kz басылымына қарсы берген арызы бойынша алдыңғы шыққан сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Мұндай ақпаратты 20 қаңтарда құқықтық медиа-орталық қоғамдық қоры таратты.

Бұған дейін Астана қаласының соты "СпецТреидТМ" компаниясының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан болатын. Талапкер сот дәлелдемелерді дұрыс бағаламады әрі заң нормаларын қате қолданды деп апелляциялық шағым түсірген. Компания даулы материалда келтірілген сөздер бағалау пікір емес, нақты фактілер жайлы тұжырым деп мәлімдеген. Алайда талапкер шағымда сот қорытындыларына қатысты нақты уәждер келтірмей, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің "Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау" туралы 143-бабына жалпылама сілтеме жасаумен шектеліп, өз талаптарын жан-жақты негіздемеген деп жазды құқықтық медиа-орталық.

Сот SotReport.kz жариялаған материал ресми әрі тексеруге болатын дереккөздерге – мемлекеттік сатып алулар порталы мәліметтеріне, сот шешімдеріне және мемлекеттік органдардың ресми жауаптарына сүйеніп дайындалған деген байлам жасаған.

Кейінгі бір аптада қаралған БАҚ өкілдеріне қарсы осымен екінші істе сот талапкердің шағымын орындаудан бас тартқан. Бұған дейін, 16 қаңтарда "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қозғалған істі қараған Ақтөбе қаласының әкімшілік соты жергілікті журналист Ақмарал Майкөзованы ақтаған деп хабарлады құқықтық медиа-орталық. Журналистке қарсы талап-арызды "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы берген. Бұл дауға акционерлік қоғамның атқарушы орган мүшелеріне 2024 жылғы жұмысына төленген сыйақылар мөлшері жөнінде журналист жолдаған сауалға корпорацияның берген жауабы ілік болды.

Сот процессі барысында талапкердің уәждері жалған ақпарат таратылғанын дәлелдемейтіні анықталды. Атап айтқанда, акционерлік қоғам атқарушы орган мүшелеріне 64,1 миллион теңге көлемінде сыйақы төленгенін хабарлаған. Алайда материал жарияланғаннан кейін корпорация бұл ақша 12 айға арналған еңбекақы төлеудің жалпы қоры екенін, оған лауазымдық жалақылар мен өзге де төлемдер, соның ішінде жұмыс қорытындысы бойынша берілетін сыйақылар кіретінін нақтылаған.

Бұл істі қараған сот журналистің әрекетінде әкімшілік құқық бұзу құрамы болмағанын анықтап, Ақмарал Майкөзоваға қатысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған. Бұл екі істе БАҚ өкілдеріне адвокаттармен бірге MediaQoldau құқықтық медиа-орталығы қолдау көрсетті.

Қазақстанда журналистер мен редакциялар қысым мен қоқан-лоқыға жиі шағымданады. Елде журналистердің кәсіби міндетін атқаруға жиі кедергі жасалады. Баспасөз қорғау ұйымдары журналистердің кәсіби қызметіне кедергі жасалғаны туралы шағымдары көп жағдайда тексерілмей қалады дейді.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы әзірлейтін баспасөз индексі рейтингінде былтыр Қазақстан 180 елдің ішінде 142-орында тұрған. Ал Freedom House ұйымының "Интернет еркіндігі" есебінде "еркін емес" елдер қатарында аталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus