Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран наразының бірін "өлім жазасына кеспек". Трамп наразыларға "көмек келе жатыр" деді

АҚШ президенті Трамп Ирандағы наразыларға "көмек келе жатқанын" жазды. Ал құқық қорғау ұйымы Иран наразылықта ұсталған ер адамды дарға аспақ дейді. Ирандағы көтерілістегі қазіргі жағдайды шолып шықтық.

АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда Ирандағы наразыларды үкімет ғимаратын басып алуға шақырып, "көмек келе жатыр" деді.

"Иран патриорттары, НАРАЗЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР, ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ТИЕСІЛІ ИНСТИТУТТЫ БАСЫП АЛЫҢЫЗДАР!!! Адам өлтіргіштер мен абьюзерлердің есімін есте сақтаңыздар. Олар бұл үшін жауап беретін болады. Мен наразыларды өлтіру тоқтағанша Иранның ресми өкілдерімен барлық кездесуді тоқтаттым. КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР" деп жазды ол TruthSocial желісінде.

АҚШ президенті нақты қандай көмек келе жатқанын ашып жазбады.

Трамп бұған дейін АҚШ Иранға қатысты бірнеше "қатаң шаралар қарастырып жатқанын" айтқан еді. Иран сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Трамптың Трамптың сөзіне жауап ретінде "Иран келіссөзге де, соғысқа да дайын" деген. Ал 10 қаңтарда New York Times газеті Трамп Иранға, соның ішінде Тегерандағы әскери емес нысандарға соққы жасауды ойластырып жатыр деп жазған.

"ҚҰДАЙҒА ҚАРСЫ СОҒЫС АШТЫ"

Құқық қорғау ұйымы Иран режимі наразылық кезінде ұсталған наразының бірін "өлім жазасына кескелі жатыр" деп хабарлады. Норвегияда орналасқан Iran Human Rights ұйымы дереккөздеріне сілтеп, наразылыққа шыққан 26 жастағы Ерфан Солтани "Құдайға қарсы соғыс ашты" деген айыппен 14 қаңтарда дарға асылатынын айтады. Солтани алты күн бұрын ұсталған еді.

Иран ресми өкілдері Солтаниге қатысты хабарламаға ресми мәлімдеме жасамады. Дегенмен Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусына жақын Tasnim ақпарат агенттігі 13 қаңтарда "сот органдары наразылыққа қатысқан бірнеше адамға айыптау үкімдері шыққанын" жазды. Агенттік соттар "Құдайға қарсы соғыс ашты" деп айыпталғандардың ісі бірінші қарап жатқанын айтады. Иранда бұл айыпқа өлім жазасы қарастырылған.

2000 ҚАЗА

Ал Ирандағы билікке қарсы наразылықтан қаза тапқандардың саны мыңнан асып кеткені айтыла бастады. Reuters агенттігі Ирандағы қауіпсіздік қызметкеріне сілтеп, екі мыңдай адам қаза тапқанын жазды. Қаза тапқандары санына бейбіт тұрғындар мен орган қызметкерлері бар.

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша басқармасының өкілі Джереми Лоуренс Женевадағы конференцияда "хабарламаларға қарағанда, жүздеген адам өліп, мыңдаған адам қамалған" деді. Ал 12 қаңтарда Iran Human Rights ұйымы дереккөздеріне сілтеп, 650 адам қаза тапқанын жазған.

Иранда бес күннен бері интернет бұғатталған. Сондықтан қаза тапқандардың нақты санын анықтау қиын.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арақчи биліктің интернетті бұғаттау шешімін қорғап, "Құдай террористердің бір-бірімен байланысын үзу үшін бізге интернетті бұғаттауға көмектесті" деді.

Ол интернет бұғатталған соң елдегі "жағдай тұрақталды", "қазір тыныш" деп мәлімдеді. Бұған дейін Иранның рухани көсемі Аятола Әли Хаменеи мен Иран президенті Масуд Пезешкиан наразыларды "террористер" деп атаған.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Арақчи елдегі көтерілісті Иранның "Америка және Израильмен соғысы" деген еді.

Қазір Иранда ислам республикасы режимін қолдайтын наразылықтар да өтіп жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus