Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өзбекстанда мәдениет министрі тойда өлең айтып, ақша алғаны үшін тағы назарға ілінді

Өзбекстан мәдениет министрлігі желіде министр туралы тараған видеоға түсініктеме берді. Видеода мәдениет министрі Озотбек Назарбековтің тойда өлең айтып, ақша алғаны көрінеді.

Kun.uz басылымына берген жазбаша жауабында министрліктің баспасөз хатшысы Сирожиддин Усаров оқиға 2025 жылы 25 қазанда министрлік қызметкерлерінің бірінің тойында болғанын айтқан.

Оның сөзінше, тойда әншіге ақша беру "ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық дәстүр" және одақ бас тарту "құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін".

"Видеода әнсүйер қауым министр Озотбек Назарбековке ақша береді. Бұл кездейсоқ болды. Мұндай жағдайда ақшадан бас тарту азаматтарды көптің алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырып, құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін еді. Осыны ескере отырып, жағдайдың тиісті шешімін тапқанын көруге болады. Үйлену тойларында өнерпаздарға ақша аудару немесе аудармауға қолданыстағы заңнама тыйым салмайды және бұл халық арасында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр мен құндылықтардың бір бөлігі" деді Сирожиддин Усаров.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Озотбек Назарбеков мәдениет министрі ғана емес – танымал өзбек әншісі, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан, Қырғызстанның халық әншісі. Оның пікірінше, Назарбековтің кәсіби қызметінің ұлттық өнерге тіке қатысы болғандықтан тойда болған әрекетті оның кәсіби қызметіне де қатысы бар деп тұжырымдауға болады.

Kun.uz басылымының хабарлауынша, жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік аталған оқиғаға байланысты мәдениет министрлігіне ресми құжат тапсырған.

Өзбекстан мәдениет министрі Озотбек Назарбеков алғаш рет осындай себеппен жұрт назарына ілігіп отырған жоқ.

2024 жылы Назарбеков киім дүкенін жарнамалауға қатысқан. Әлеуметтік желіде шенеунікке дүкенді жарнамалағаны үшін қанша ақша төленген болуы мүмкін деген сұрақ талқыланған. Сол кезде министрліктің баспасөз қызметі ол қандай да бір материалдық табыс табуды көздемегенін айтқан. 2025 жылы мәдениет министрі жеке университеттің жарнамасында да пайда болған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus