Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Медиа: Қытай ядролық бағдарламасының құпия нысандарын жаңғыртуды үдетті

Қытай ядролық оқтұмсық бөлшектерін өндіруге байланысты құпия нысандар желісін белсенді түрде жаңғыртып жатыр. The Washington Post басылымы сарапшылар талдаған спутниктен түсірілген суреттерге сүйеніп осылай деп жазды. Басылым мәліметінше, Пекиннің шабуыл жасалған жағдайда неғұрлым жедел қарымта қайтару мүмкіндіктерін көздейтін бұл жұмыстар бұған дейін сарапшылардың басты назарынан тыс қалып келген Қытайдың ядролық инфрақұрылымының маңызды элементтері жаңартылып жатқанын көрсетеді.

Спутниктен түсірілген суреттерді Венадағы Open Nuclear Network ұйымының және Лондонда орналасқан VERTIC орталығының мамандары талдаған. Олар суреттерді бұрын құпия болып келген, кейін көпшілікке жарияланған құжаттармен, ғылыми мақалалармен және әскери техника қозғалысы жайлы деректермен салыстырған. Фотоларда оқтұмсық өндірісіне қатысы бар кемінде алты нысан аталған.

The Washington Post кеңейту жұмыстарының ең қарқынды кезеңі 2021 жылы басталған деп жазған.

Мысалы, кейінгі бес жылда Сычуань провинциясының таулы ауданында орналасқан, сарапшылар плутоний өзектерін өндірумен байланыстыратын кәсіпорында ауқымды жаңғырту жұмысы жүргізілген. Онда күзетілетін аумақ кеңейтіліп, ғимараттар жаңартылған, жаңа құрылыс алаңдары іске қосылған.

Осындай жұмыстар Сычуаньдағы тағы бір нысанда да жүріп жатыр. Ол ядролық реакция тудыратын жарылғыш компоненттер өндіру ісімен байланысты болуы мүмкін. Ол жерде 2021 жылдан бері дуал салынып жатыр, бәлкім ол жаңа қойма болуы мүмкін деп жазады басылым. Бұған қоса 2024 жылы Цзытун уезінде аумағы шамамен 40 мың шаршы метр болатын нысан салынып біткен. Жаңа нысан оқтұмсықтардың құрамдас бөліктерін құрастыру мен дайындау үшін пайдаланылуы ықтимал.

Сарапшылар пікірінше, жақын болашақта Қытайдың ядролық арсеналы АҚШ-пен теңесуі екіталай. Алайда ядролық бағдарламасында түгелге дерлік өзгерістер жүріп жатқаны ұзақ мерзімді қарулану жарысына дайындықты аңғартады.

Бұған дейін Reuters агенттігі Пентагонның құпия баяндамасына сүйеніп, Қытай 2030 жылға қарай ядролық оқтұмсық санын мыңнан асыруы мүмкін екенін және Тайвань мәселесі ширығып тұрған шақта Пекин әскери дайындықты жеделдетіп жатқанын хабарлаған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus