Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"C5+1 саммитінде адам құқығы мәселесі экономикадан жоғары болуы тиіс" - HRW

"Орталық Азия – АҚШ саммитіне қатысатын елдер экономикалық және әскери қарым-қатынасты талқылағанда адам құқығын жақсартуға да назар аударуы керек" деп мәлімдеді Human Rights Watch ұйымы.

C5+1 саммиті 6 қарашада Вашингтонда өтпек. Орталық Азия елдерінің президенттері АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

Берлинде орналасқан HRW ұйымы саммит "қатысушы елдерде билік сыншыларын қудалау мен сөз бостандығын шектеу күшейген тұста өтіп жатқанын" айтады.

"Орталық Азияда репрессия күшейген тұста саммиттің басты тақырыбы адам құқығы болуы керек. Саммитке қатысушы елдер әлеуметтік-экономикалық өсуді жоғалтып алу қаупі бар. Себебі халықаралық серіктестер басқа жақтан инвестиция іздеп кетуі мүмкін" деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон.

HRW АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқығы бойынша 2025 жылғы есебін еске салады. Есепте "Орталық Азия елдерінде азаптау, белсенділер мен оппозицияны қудалау, журналистердің жұмысын шектеу, жемқорлық пен сот жүйесін тәуелсіздіктен айыру фактілері бары" жазылған.

Ал ұйым Орталық Азия елдерінде бейбіт митинг өткізу ережесі бұзылып, билікті сынағандар қылмыстық қудалауға ұшырайтынын айтады. Қазақстанда "ҚДТ қозғалысының (Астана қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов басқаратын ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп таныған. Ал Еуропарламент бұл ұйымды "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.)жұмысына араласты" деп сотталған марафоншы Марат Жыланбаев пен журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісін атап өткен.

"Орталық Азиядағы экономикалық және әлеуметтік реформалар халықаралық қолдауларға лайық. Бірақ реформалар легитимді болу үшін адам құқығы құрметтеліп, заң үстемдік құруы тиіс. Сонда ғана аймақта өмір сүріп жатқан 82 млн адам Вашингтондағы келісімдерден шынайы ұтысқа ие болады" дейді Уильямсон.

АҚШ үкіметі Орталық Азиядағы бес елмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін C5+1 платформасын 2015 жылы құрған. "С5+1" форматы деп те аталатын саммит 2023 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының жиыны кезінде өткен. Оны АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден ұйымдастырған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus