Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы тауында туристер мен балалар жедел эвакуацияланды

Алматы тауындағы Букреев шыңында туристер мен балалар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-не сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде құтқарушыларға Букреев шыңына (3010 метр) көтерілген туристер тобы туралы хабар түскен. Топ құрамында үш бала болған. Балалардың бірі өзін жайсыз сезінгендіктен эвакуация қажет болған.
Министрлік мәліметінше, 8 жастағы ұлдың жүрек соғысы жиілеп, басы айналған және әлсіздік байқалған.
ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Бутаков шатқалының күрделі бөлігін жаяу жүріп өтіп, таулы жерге көтерілген.

"Туристер маршрут бойында табылды, бала ұйықтап жатқан, жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды", – делінген хабарламада.

Содан кейін құтқарушылар баланы топтағы ересек адамның сүйемелдеуімен таудан төмен түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізген.
Құтқарушылардың кеңестері
Бұған дейін тәжірибелі қазақстандық құтқарушы Вадим Пак тауға шықпас бұрын есте сақтау қажет бірнеше кеңес берген:

Жалғыз шықпау маңызды, тіпті гидпен барсаңыз да маршрутты алдын ала зерттеу керек.
Киім мен аяқ киімді ауа райы мен жағдайға сай, ашық түсті етіп таңдаңыз, бұл сізді алыстан көруге көмектеседі.
Рюкзакта жылы киім, тамақ, дәрі қобдишасы, жарық, пауэрбанк және термос міндетті түрде болуға тиіс.
Жақындарыңызға алдыңғы күні маршрут пен қайту уақытыңызды айтып, топ мүшелерінің суретін жіберіңіз.

Сондай-ақ, құтқарушылар туристерге маршруттарын күндіз жоспарлауға кеңес береді. Жол ұзақтығын және физикалық мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалау - кейде денсаулықты ғана емес, өмірді де сақтап қалуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus