ЕАЭО-ның 2016 жылғы бюджеті 12 пайызға қысқарды - В.Христенко
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтық 2016 жылғы бюджеті 12 пайызға қысқартылды. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко мәлім етті.