Елорда салынатын жаңа темір жол вокзалының құны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада салынатын жаңа темір жол вокзалының құны 50-60 млрд. теңгеге бағалануда. Бұл туралы бүгін ҚР ОКК-де өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Асқар Мамин мәлім етті.