Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қошанов: Көшбасшыларымыздың достығы қазақ-түрік қатынасын нығайтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуштың шақыруымен Ерлан Қошанов бастаған бір топ Мәжіліс депутаты Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкара қаласында депутаттар Парламент басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен парламентаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады.
Нуман Куртулмушпен кездесуде Мәжіліс төрағасы әріптесін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 105 жылдығымен және Ұлттық егемендік күнімен құттықтады.

Ерлан Қошанов жүз жылда Түркияның ғаламат жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтіп, қос мемлекеттің арасында шынайы достық пен туыстық байланысқа негізделген берік ынтымақтастық орнағанына айрықша назар аударды.

"Мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас ерекше жақын дер едім. Бұл жақындығымызды екі ел көшбасшылары арасындағы бауырлық байланыстан-ақ аңғаруға болады. Президенттеріміздің арасында мызғымас достық, сыйластық байланыс бар. Олар өте жиі кездесіп тұрады. Әр кездесуі ынтымақтастықты тереңдетуге зор серпін береді. Дәл осындай достық қарым-қатынас Парламент деңгейінде де қалыптасты. Алда біз өз тарапымыздан екі ел басшыларының уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыда жүзеге асыратын боламыз", – деді Палата спикері.


Парламентаралық ынтымақтастықтың перспективалары әңгіменің өзегіне айналды. Бұл ретте тараптар заң шығару бағытындағы байланысты тереңдетуге келісті.
Тараптар көпжақты форматта да ықпалдастықты тереңдетуге қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы аясындағы жұмысқа ерекше мән беріледі. Аталған ұйымға төрағалық биыл Қазақстанға өтеді. 11-12 маусымда Астанада ТҮРКПА-ның отырысы жоспарлануда. Оған түрік тарапы қатысатынын айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы өз сөзінде қазақ-түрік ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дами беретінін атап өтті.

"Біз Қазақстанның әр жетістігіне шын қуанамыз. Былтыр Қазақстанда ресми сапармен болдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Өзіңізбен өткен кездесулерде екі ел арасында байланысты одан әрі жетілдіруге ықпал ететін маңызды тақырыптарды талқыладық. Бүгін сол әңгімені жалғастырып жатырмыз. Біз достық топтарымыздың және халықаралық ұйымдардың аясында бірлескен жұмысты нығайтатын боламыз", – деді Нуман Куртулмуш.

Сапар барысында делегация мүшелері Ататүрік кесенесіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етті. Мәжіліс спикері құрмет кітабына жазба қалдырып, Тәуелсіздік соғысы мұражайын және Президент жанындағы Ұлт Кітапханасын аралады.
Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж.Жұмабеков

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus