АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар 15 адамға жетті. 35 адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, CNN телеарнасы хабарлады.
1 қаңтарда Жаңа Орлеанда ер адам көлікпен адамдарды әдейі қағып, кейін көліктен түсе сала оқ атқан еді. Басында он адам қаза тапқаны айтылған. Полиция атыс кезінде шабуылдаған адамды атып өлтірген еді.
Қала билігі қылмысқа күдікті Техаста тұрған 42 жастағы Шамсуд-Дин Жаббар дейді. Ол бұрын АҚШ әскерінде қызмет еткен. Күдіктінің көлігінен "Ислам мемлекеті" террорлық тобының туы, қару және жарылғыш зат табылғаны айтылды. АҚШ президенті Джо Байден де шабуылдаған адам "Ислам мемлекетіне" қатысы бар деп мәлімдеді.
АҚШ-тың тергеу бюросы оқиғаны "теракт" деп тергемек.