Добавить новость

Неизвестные насекомые покусали певицу Славу на Мальдивах



World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан спорты үшін ала-құла жыл

2024 жылы Қазақстан спортында қандай жеңістер (жеңілістер) болды? Боксшылар, балуандар, футболшылар, ауыр атлеттер қандай нәтиже көрсетті? Сонымен 2024 жылы Қазақстан спортында болған негізгі жайттарды шолып шықтық.


БАСЫ ТӘТТІ, АЯҒЫ ҚАТТЫ БОЛҒАН ОЛИМПИАДА


Қазақстан Париж-2024 олимпиадасында бір алтын, үш күміс, үш қоламен жалпы есепте 43-орын алды. Ел спортшыларының Токио-2020 олимпиадасымен салыстырғанда (8 қола иеленген) нәтижесі жақсарғанымен жанкүйерлердің және биліктің көрсеткішке көңілі толмады.


Парижде дзюдошы Елдос Сметов қана чемпион атанды. Сметов алтынды олимпиаданың бірінші күні иеленген еді, кейін жанкүйерлер боксшылар мен балуандардан да алтын медаль болып қалады деп үміттенген.




Бірақ бокс құрамасы Парижде алтынсыз қалды. Өзін бокс державасы санайтын Қазақстан Токио-2020 олимпиадасында да алтын ала алмаған еді. Париждегі сәтсіздіктен соң ұлттық құраманы бастап апарған бапкер Мырзағали Айтжанов "тарихымыздағы ең сәтсіз олимпиада" деді. Олимпиададағы төмен нәтижеден кейін Айтжанов бас бапкер қызметінен алынды.




Бюджеттен спортқа қыруар қаржы (2023 жылы 300 млрд теңге бөлген) жұмсайтын Қазақстанның олимпиадада бір алтынмен шектелгені қоғамда сынға ұшырады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт министрлігіне "олимпиадалық спорт түрлерінде кеткен кемшіліктерге толық анализ жасауды тапсырған".


"Мемлекет жоғары деңгейлі спортшыларды дайындау үшін жеткілікті қаражат бөліп жатыр. Қаржы жағынан бір аймақта алдамыз және басқа елдерден де көп бөлеміз. Сондықтан халықтың кейбір спорт түрлерінен керемет нәтиже күтуі әділ" деген еді Тоқаев олимпиададан соң.




Олимпиададан соң спорт министрі Ермек Мыржықбаев отставкаға кетіп, оның орнына Ербол Мырзабосынов тағайындалған. Қазір Қазақстан халықаралық жарыстарда жүлде алуға мүмкіндік бар деген спорт түрлерін қаржыландыру жүйесіне өтуді ойластырып жатыр.


ЛЕГИОНЕРЛЕР ДАУЫ


Париж олимпиадасы елге шетелден спортшы шақыру мәселесін де қозғады. Қазақстан Парижде медаль алады-ау деп үміт күткен теннисші Елена Рыбакина (Ресейде туған) тура олимпиада басталар сәтте "денсаулығына байланысты" жарыстан бас тартты. Артынша теннисші Юлия Путинцева да (ол да Ресейден келген) "жарақатына байланысты" кортқа шықпады. Жанкүйерлер Рыбакина мен Путинцеваны олимпиадаға қатыспағаны үшін сынға алды. Бұған қоса, Кениядан келген жеңіл атлет Нора Джеруто да Париж олимпиадасында жүлдеге ілінбеді. Осыдан соң жанкүйерлер биліктен спортшы шақырмауды талап ете бастады. Бұл шуға президент Тоқаев пікір білдіріп, шетелден спортшы шақырмау керегін айтты.


"Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды" деген еді ол.


Елде легионерлерге қарсылыққа қарамастан Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2024 жылы Қазақстан туы астында жарыстарға шыға бастады. Бұған қоса, Ресейден келген балуан Начин Куулар Қазақстан кубогында белдесті.


ПАРАЛИМПИАДАШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ


2024 жылы Қазақстан Париж паралимпиадасында екі алтын, үш күміс, төрт қола иеленіп, тарихи нәтиже көрсетті. Себебі Қазақстан бұрын паралимпиадада мұнша медаль алмаған еді. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев пен дзюдошы Ақмарал Науатбек паралимпиада чемпион атанды.




Қазақстан олимпиададан қарағанда паралимпиада жақсы нәтижеге қол жеткізсе де, паралимпиадашыларға дұрыс сый-сияпат көрсетілмегені сөз болды. Мәселен, олимпиада чемпионы атанған Сметовке бірнеше пәтер мен көлік, жер телімі, бір үйір жылқы берілді.




Олимпиадада медаль алған басқа спортшылар да пәтерлі болып, көлік алды. Бұған қоса, кәсіпкерлер оған бірнеше автокөлік мінгізді. Париж олимпиадасында жүлдеге бір табан қалып жеңілген дзюдошы Абиба Абужақыноваға да кәсіпкерлер мен әкімдіктер кемі екі көлік сыйлады. Бірақ паралимпиада чемпиондары мұндай құрмет көрсетілмегені байқалды.


ЧЕРЧЕСОВ ШУЫ МЕН ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІЛІСІ


Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA ұйымдастыратын Ұлттар лигасы жарысының В дивизонында сынға түсіп, өз тобында соңғы орын алды. Алматыдағы алғашқы матчта Норвегиямен 0:0 есебімен тең түскенімен, қалған бес ойында жеңілді. Мәселен, Австриядан 0:4, 0:2 есебімен, Словениядан 0:3, 0:1 есебімен, Норвегиядан 0:5 есебімен ұтылды. Бұл додада Қазақстан қарсылас қақпасына бірде-бір гол сала алмады. Жеңілістерге қарамастан Қазақстан құрамасын жаттықтыратын ресейлік маман Станислав Черчесов "ойынға көңілі толатын" айтып келген. Бұған қоса, Черчесов баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистерді келемеждеп, сынға қалды.




Мәселен, ол Алматыда Словения құрамасымен ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске "французша сөйлеп тұрсың ба?" деп жауап қатқан. Одан соң туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан бас бапкердің әрекетіне байланысты түсініктеме беруді, Станислав Черчесовке мемлекеттік тілге құрмет танытуы керегін түсіндіруді талап еткен. Артынша ҚФФ Черчесовке 738 400 теңге (200 АЕК) айыппұл салғанын хабарлады.


Ұлттық құраманың төмен нәтижесі мен бас бапкерге қатысты шу болып жатқан тұста ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қызметінен өз еркімен кетті.


Қазақстан футбол құрамасы 2025 жылы әлем кубогының іріктеу жарысын бастайды. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония, Лихтенштейнмен жолдамаға таласады. Топтан бірінші орын алған ел әлем чемпионатына тікелей шығады, екінші орын алған құрама қосымша іріктеу кезеңіне қатысады.


Ал футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатына қатысып, ширек финалға дейін жетті. 1/8 финалда 2021 жылғы әлем чемпионы Португалияны жарыстан шығарды. Бірақ ширек финалда Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен Қазақстан футзал құрамасы қазір FIFA рейтингінде 5-орында тұр.


ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫН ТІСТЕГЕН ӨЗБЕК БОКСШЫСЫ


Париж олимпиадасында сәтсіздікке ұшыраған Қазақстан бокс құрамасы желтоқсанда Таиландта өткен Азия чемпионатында бес алтын алып, жанкүйерлер алдында түскен беделін бір көтергендей болды. Азия біріншілігінде негізгі бәсеке Қазақстан мен Өзбекстан арасында өтті. Жеті алтынды Өзбекстан, бес алтынды Қазақстан иеленді.


Париж олимпиадасына қатысқан Махмұд Сабырхан (54 келі) және Айбек Оралбай (+92 келі) Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Азия ойындарының қола жүлдегері Сағындық Тоғамбай (92 келі) мен 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алтын медаль иеленді. 2016 жылы Рио олимпиадасына қатысқан Абылайхан Жүсіпов 71 келінің финалда өзбек Хавасбек Асадуллаевтан жеңілген еді. Бірақ финал кезінде Асадуллаев Жүсіповтің иығынан тістеп алғаны үшін нәтиже өзгертіліп, алтын медаль қазақ бокшысына берілді.




Ал Қазақстан әйелдер құрамасы Азия біріншілігінде бес алтынмен жалпы есепте бірінші орын алды. 60 келіде Виктория Графеева, 63 келіде Аида Әбікеева, 70 келіде Наталья Богданова, 81 келіде Гүлсая Ержан, +81 келіде Елдана Тәліпова Азия чемпионы атанды. Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева қола медаль иеленді. Бала тәрбиесіне байланысты бокстан қол үзіп, кейін рингіге қайта оралған Әйгерімнің қола медаль алғаны жанкүйерді сүйсінтті.


Таиландтағы Азия чемпионатын ресейлік Умар Кремлев басқаратын IBA ұйымы өткізді. Бұл ұйымды Халықаралық олимпиада комитеті олимпиада өткізу құқығынан айырған. Қазақстан алдағы уақытта Батыс елдері құрған World Boxing ұйымына өтпек. Жаңа ұйымның олимпиадалық комиссиясын қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин басқарады. 2028 жылы Лос-Анжелесте өтетін олимпиаданы World Boxing ұйымдастыруы мүмкін. Ал World Boxing 2027 жылы Астанада Азия чемпионатын ұйымдастырмақ.


АУЫР АТЛЕТТЕРДІҢ КӨПТЕН КҮТКЕН АЛТЫНЫ


Қазақстан 1996 жылдан бері алғаш рет ауыр атлетикадан олимпиадаға жолдама ала алмай, Париж ойындарының зілтеміршілер бәсекесі Қазақстансыз өтті. Елдің ауыр атлеттері үлкен допинг дауына ілініп, Пекин, Лондон, Рио олимпиадасында алған алтын, күміс, қолаларын қайтарып берген. Одан кейін де құрама лидерлері допингпен ұсталып жарыстан шеттетілді. Осы оқиғалардан соң Қазақстан ауыр атлетикадан лидер елдердің қатарынан шығып қалған еді. Ал желтоқсанда Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Қазақстан екі алтын, бір күміс медаль алды. 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы Иран, Грузия, Қытайдан келген қарсыластарынан көп салмақ көтеріп, чемпион атанды. 102 келіде Артем Антропов катарлық Фарис Ибрахимнің (96 келіде Токио олимпиадасының чемпионы) алдын орап, алтын медаль иеленді. Алексей Чуркин (86 келіде) күміс медаль жеңіп алды.


Әлем чемпионы атанған Антропов та, Әділетұлы да 2023 жылы Азия чемпионатында допинг ережесін бұзды деген айыппен 16-18 ай көлемінде жарыстан шеттетілген еді.


2025 жылы Қазақстан үшін маңызды жарыс ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындары болмақ.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Водитель иномарки протаранил шесть машин в Реутове

Экскурсии по старинным улицам и храмам пройдут в рамках проекта «Зима в Москве»

Овчинский: Новую стартовую площадку для строительства жилья по программе реновации подобрали на юге столицы

Крещенская оттепель: как россияне отметили праздник Богоявления Господня

Музыкальные новости

В Новосибирске пройдет региональный отборочный тур фестиваля детского творчества «Добрая волна»

В Щелково сотрудники Росгвардии задержали подозреваемого в краже деликатесов к новогоднему столу из магазина

Орган. TOP 10. Величайшие сочинения

«Какого массажиста потеряла страна!» Митя Фомин рассказал Анфисе Чеховой о своих приключениях в Америке

Новости России

Труп женщины нашли в припаркованной машине в Москве

Медведев заявил, что нормализация отношений с США займет десятилетия

Канчельскис оценил игру Головина в этом сезоне

Бетонное укрытие появилось на Московском проспекте в Воронеже

Экология в России и мире

Скидки для именинников в «Тропикана Парк»

Кто придумал огуречный лосьон в СССР и зачем он был нужен

В Москве пройдет Russian Cider Festival – праздник настоящего сидра

Начинает свою работу экологический бизнес-акселератор в рамках конкурса малых грантов для социальных предпринимателей

Спорт в России и мире

Теннисист Даниил Медведев проиграл 121-й ракетке мира во втором круге Australian Open

Мирра Андреева проиграла Соболенко в 1/8 финала Australian Open

Де Минаур пробился в четвертый раунд Открытого чемпионата Австралии

Мирра Андреева ответила, есть ли у неё подруги в WTA-туре

Moscow.media

В Новосибирске пройдет региональный отборочный тур фестиваля детского творчества «Добрая волна»

Апельсиновый фреш.

В Новосибирске пройдет региональный отборочный тур фестиваля детского творчества «Добрая волна»

Почему Писателям, Поэтам и Авторам книг стоит обратиться к литературному агенту!











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Глава Бурятии поучаствовал в крещенских купаниях

Крещенская оттепель: как россияне отметили праздник Богоявления Господня

Водитель иномарки протаранил шесть машин в Реутове

Экскурсии по старинным улицам и храмам пройдут в рамках проекта «Зима в Москве»