Сириядағы қабырғасы бетоннан тұрғызылған түрменің дәлізінен сыртқа шыққандардың кейбірінің бет-бейнесі қорқынышты фильмдердегі зомби тәрізді еді. Енді біреулері жылдар бойы көрмеген туыстарын құшақтап, солқылдап жылап тұр. Тағы біреулері жұрт арасында "адам қасапханасы" аталып кеткен абақтыдан бостандыққа шыққанына айғай салып шаттанып жатыр, олардың да жанары жасқа толы.