Өзбекстанда әйелге қатысты көкейкесті мәселе биік мінбелерден айтылып жүрсе де, жағдай оңалмай отыр дейді қоғам белсенділері. Олар отбасындағы әлімжеттік әйелді қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде қабылдамайтын патриархал елдегі гендерлік зомбылықтың бір бөлігі екенін айтып отыр.