Адам қалай маньякқа айналады, олар өз құрбандарын қалай таңдайды? Потенциалды сериялық өлтірушіні бала кезінен тануға болады ма? Осының бәрін бірге талқылайық.
Сериялық өлтірушілер деген кімдер?
Сериялық өлтіруші – уақыт өте келе бір айдан астам уақытта бірнеше қылмыстық кісі өлтірген адам (арадағы үзіліс “салқындату кезеңі” деп аталады).
“Қылмыстық” дегеніміз – кездейсоқ апат немесе соғыс қимылдарына қатысу адамды сериялық өлтіруші етпейді. “Сериялық” критерийі құрбандардың саны болып табылады. Мысалы, АҚШ-та серия “екі немесе одан көп” кісі өлтіру болса, өзге елдерде санақ үш құрбаннан басталады.
“Сериялық өлтіруші” термині тек ХХ ғасырда АҚШ-та пайда болды және алғаш рет “азаптау дәрігері” деген лақап атқа ие болған...