Бір адам өзінің қызмет орнына келе жатқанда сүрініп кетіп, лайға құлап, үстін бүлдіріп алады. Үйіне қайтып кете қоюға жол бірталай. Содан жұмысына сол күйімен кіре берген еді, бір құрдасын көріп қалып, қызық болсын деп мас адамның жүрісіне салып, қисалаңдап, ұсқынын өзгертіп, өзінің кабинетіне кіріп кетеді. Ақылды әйел - абыройыңның қорғаны
Бір адам өзінің қызмет орнына келе жатқанда сүрініп кетіп, лайға құлап, үстін бүлдіріп алады. Үйіне қайтып кете қоюға жол бірталай.
Содан жұмысына сол күйімен кіре берген еді, бір құрдасын көріп қалып, қызық болсын деп мас адамның жүрісіне салып, қисалаңдап, ұсқынын өзгертіп, өзінің кабинетіне кіріп кетеді. Оның бұл кейпін біраз әріптестері көріп үлгерген болатын. Ішінде мұны көре алмайтын, орнына қаралай қызығып жүргендер де бар еді. Көп кешікпей арада бес-он минут өткенде кабинетке сау етіп мекеменің директоры бастаған бір топ әріптесі кіріп келмесі бар ма?! Бұл бәрімен амандасты. Директордың өзі сасып қалды. Сөзі түзу, үсті-басы мұнтаздай, сол тәртіпті, өз ісіне тиянақты қызметкері...