АЛМАТЫ. KAZINFORM – Париж Олимпиадасына 3 айға жетер-жетпес уақыт қалды. Жоғары жетістік көрсету үшін спортшылар дайындық үстінде. Олардың ішінде паралимпиадашылар да бар. Кazinform тілшісіне 2023 жылдың шілде айында Парижде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегері атанып, жазғы ойынға лицензия ұтып алған Дастан Мұқашбеков күндіз-түні жаттығып жатқанын айтты.