АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның Жалалабад облысында Өзбекстанға апаратын тағы бір туннель табылды. Қырғызстанда тұратын күдікті сол арқылы адамдар мен тауарларды заңсыз өткізіп жүрген. Шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен 40 жастағы Өзбекстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Каzinform Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.