Сәуірдің басында Тобыл өзені тасып, Қостанай облысының орталығын, қалаға жақын төрт ауданды су басып қалды. Тұрғындар бұрын-соңды мұндай апат болмаған дейді. Жергілікті билік 8 сәуірде "қауіп төмендеді" деп хабарлады. Тұрғындар билік апаттан болған шығынды толық өтей ме деп алаңдайды. Азаттық апаттан кейінге Қостанайдан репортаж әзірледі.