Мы в Telegram
Добавить новость

НИУ ВШЭ: Увеличение минимальной площади квартир стимулирует рынок апартаментов

Эксперт Московского Политеха рассказал об опыте в разработках электрических мотоциклов для разных целей

Гонки дронов и спортивное программирование: что ждет Игры БРИКС в будущем

Число погибших на дорогах Подмосковья снизилось на 21%



World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сыр елінде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жалғасын табуда

Сыр елінде

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде"Таза Қазақстан – таза аймақ" экологиялық науқаны бастау алды.

Бүгін облыс әкімі Н.Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланды.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Акция 5 кезеңнен тұрады:

1. "Таза өлке" апталығы (6-13 сәуір);

2. "Киелі мекен" апталығы (14-20 сәуір);

3. "Жасыл аймақ" апталығы (21-27 сәуір);

4. "Өнегелі ұрпақ" апталығы (28 сәуір - 4 мамыр);

5. "Мөлдір бұлақ" апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда ұйымдастырылады.

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңіріндегіакция аясында 6-13 сәуір аралығында:

- "Менің туған өлкем" тақырыбында облыс көлеміндегі елді мекендерде, мекемелер мен кәсіпорындар аумақтарында жаппай тазалық шаралары;

- "Табиғатқа құрмет отбасынан басталады" атты тұрғындардың өз аулаларын, көшелерін, көше бойында орналасқан арықтарды тазалау "Жасыл желек" жалпыхалықтық челленджі;

- "Ауласы тазаның - ауасы таза!" және "Көшесі тазаның - көңілі таза!" тақырыптарында еріктілердің, эко белсенділердің және тұрғындардың қатысуымен тазалық акциялары;

- "Жастар таза өлке үшін" тақырыбында жастар арасында тазалық челенджі;

- "Taza Olke - Taza El" сенбілік ұйымдастыру"Гүлденген өлкем" елді мекендерді, көшелер мен саябақтарды көгалдандыру мен тазартуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау шарасы ұйымдастырылады.

14-20 сәуір аралығындағы "Киелі мекен" апталығында:

- "Сыр елі - тарихи қалалар мекені" облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, облыстық тарихи-өлкетану музейі аумақтарын абаттандыру;

- "Қорқыт ата" мемориалды кешені, "Марал ишан", "Қалқай ишан" кесенелері және Қармақшы ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

- "Бұқарбай батыр", "Түмен әулие" кесенелері және Жалағаш ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

- "Асанас", "Қышқала" қалашықтары, "Қалжан ахун" мешіт-медресесі және Сырдария ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

- "Оқшы ата" кесенесі және Шиелі ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

- "Қорасан ата" кесенесі, "Сығанақ" қалашығы және Жаңақорған ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

- "Бегім ана" мұнарасы, "Кердері" кесенесі және Арал ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

- "Жанқожа батыр" кесенесі, "Жанкент" қалашығы және Қазалы ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы абаттандырылады.

21-27 сәуір аралығындағы "Жасыл аймақ" апталығында "Biz taza aimaq ushin" қала, аудан, елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру, "Көктемгі көшет!" ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылады.

28 сәуір мен 4 мамыр аралығындағы "Өнегелі ұрпақ" апталығыаясында "Ардагерлерді ардақтайық"тақырыбында ардагерлер, қарттар үйлерінің аулаларын жинау және абаттандыру шаралары,белсенді жастар ұйымдарының "Жаныңда жүр жақсы адам"үндеуімен жалғызбасты қариялардың үйлері аулаларын жинау, әктеу, сырлау акциясы ұйымдастырылады.

5-11 мамыр аралығындағы "Мөлдір бұлақ" апталығында "Бұлақ көрсең, көзін аш" су айдындары мен арналарында жалпыхалықтық экологиялық акциясы"Таза жағалау, таза су айдыны" тақырыбында еріктілердің, қоғам белсенділері мен тұрғындардың қатысуымен су айдындары мен арналарында тазалық шаралары ұйымдастырылады.

Тазалық акциясының алғашқы аптасы "Таза өлке" атауымен өтуде. Бұл күндері облыс аймағындағы елді мекен тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға және тазартуға өз үлестерін қосуда. Бүгінге дейін қала және барлық аудандарда 30 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, республикалық және облыстық бюджет есебінен 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың гектар, 2023 жылы 193,2 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстары жүргізілді.

2024-2025 жылдар аралығында 556,2 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Бүгінгі күнге құрғаған ұлтанның 51,6 мың гектарға 15,3 млн. дана көшет отырғызылды.

Биыл еліміз Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуде. Теңіздің кепкен табанына өскіндер егу мәселесін аймақ басшысы тұрақты бақылауына алып, бұл ортақ іске кәсіпкерлерді де жұмылдыруда.

Сонымен қатар,Қызылорда облысындағы жолдардың сапасын жақсарту мәселелері оңтайландырылып, құрылыс жұмыстары да қарқын алуда.

Биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделіп, облыстағы жақсы деңгейдегі жол үлесі 92 пайызға жетпек. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артып отыр. Соның бірі, биыл аймақ басшысының қолдауымен қаладағы ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын Қожа Ахмет Яссауи көшесі қайта жаңғыртылуда. Жол құрылысы аяқталған жағдайда бұл көше 4 жолақтыға ауыстырылып, толығымен жарықтандырылады.

Сондай-ақ, құрылыс қарқынына айналған Қызылорда қаласының Сол жағалаудағы жаңа автовокзал ғимаратының алаңын жасылжелекке айналдыру мақсатындаағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық аудандарындақарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан" акциясы аясында облыстұрғындарының қатысуымен шаһарды қоқыстан тазарту жұмыстарыныңнәтижесінде, полигондарға 300 тоннаға жуық қоқыс шығарыса, облыс орталығындағы 30-ға жуық тұрғын үйлердің қасбеттері жаңғыртылып, қала көркіне сәне беруде.

Айта кету керек, өткен жылдан бастап ауылдық елді-мекендерді дамыту аясында Қызылорда облысында "Үлгілі елді мекен" конкурсы өткізіліп келеді. 2023 жылдың қорытындысымен жеңімпаз болып табылған 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техникалар табысталды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан – Таза Аймақ" акциясы туралы барлық ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

В Москве открылась выставка «Уроки безопасности: вчера, сегодня, завтра»

Евро-2024: лучшие фильмы про футбол

Роспотребнадзор: салаты с лобио и тунцом стали причиной заболевания ботулизмом

Белоусов выдал новую сенсацию. Подняли старые дела. Сердюков уже начал беспокоиться

Музыкальные новости

РБК: в Москве остановили продажу ряда продуктов после случаев ботулизма

Биометрии расширяют границы // Подтвердить персональные данные станет проще

Свыше 40 мест для коллективных молитв в Курбан-байрам откроют в Подмосковье

В Fortnite прибудет группа Metallica и новый режим

Новости России

Глава Коми указал на недоработку властей Сыктывкара

Выставку «Россия» на ВДНХ посетил 16-миллионный гость

Патриотические мероприятия пройдут в Химках в День памяти и скорби

Более 1,5 тысячи человек приняли участие в «Гонке Героев» в Алабине

Экология в России и мире

Прямые рейсы в Таиланд неожиданно снимают: стали известны подробности и альтернативы

Массовыми патриотическими акциями отметили День России на заводах АО "Желдорреммаш"

Рубена Варданяна в бакинской тюрьме заставляли долго стоять, его лишали воды, ему не разрешали мыться и менять белье и одежду

Звуковые щетки для детей RL 035 Kids Pink от Revyline в онлайн-магазине Ирригатор.ру в Екатеринбурге

Спорт в России и мире

Елена Рыбакина «заменила» Геннадия Головкина

Медведев и Сафиуллин сыграют в паре на турнире в Галле

«Ну и где здесь «группа смерти?» ATP показала, каким был бы Евро-2024 с теннисистами

Бьянка Андрееску: «Мне нравится, что на траве, поскольку она намного быстрее грунте, меньше времени на раздумья»

Moscow.media

Совместное заявление участников круглого стола, приуроченного ко «Дню защиты прав безвинно осужденных»

Любимый кроссовер Kia снова в России по привлекательным ценам. Они приятно удивят.

Социальные и ESG-проекты ГПМ Радио названы лучшими в России

В Ингушетии чиновники похищали бюджетные средства, предназначенные для поддержки семей с детьми











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Более 1,5 тысячи человек приняли участие в «Гонке Героев» в Алабине

«Большая семерка» распорядится деньгами России

Коворкинг – больше чем офис: свобода, сотрудничество и инновации в едином рабочем пространстве будущего

Британия подозревает Китай в шпионаже через кокарды на фуражках