АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар салдарларды жою және азайту, жаңа аумақтарды су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.