АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Астанада JOLTAP жобасы іске асырылып жатыр. Бұл елорда тұрғындарына өз табысын арттыруға мүмкіндік береді. Оның қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады, оқудан өтіп, өзіне лайықты жұмыс таба алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.