ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына барып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық өндірісті одан әрі ұлғайту әлеуетімен танысты.