АСТАНА. KAZINFORM – Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 32 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қалалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ілиясов айтты.