Қызылорда облысында мәдени мұраға қатысты жобаларға қажет қаражат қысқартылмайды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлттық рух пен сананы қалыптастыратын тарих пен мәдениет екенін білсек, бүгінгі күні ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, еліміздің туристік кластерін жандандыру, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен пайдалану шараларын тиімді жүргізу бағытындағы мәселелер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналғанын атап өту қажет. Бұл Елбасы Жолдауларында да айқын көрініс табуда.