Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Петропавлда жақсы оқитын оқушылар шәкіртақы алып жүр

Облыс орталығындағы мектептердің бірінде жүзден астам балаға ай сайын қаржылай қолдау көрсетіледі. Осының арқасында озат оқушы көбейген. Тіпті өзге білім ошағынан ауысып келгісі келетіндер де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Максим Серенко төртінші сыныпта оқиды. Оқуда озат, өнерде өрелі, ал спортта алда. Ең сүйікті пәні - дене шынықтыру. Сабағын кілең беске оқитындықтан ай сайын шәкіртақы алады. Оны қажетіне жұмсайды.

"Тіл үйрену үшін арнайы студияға барып, курсқа қатысып жүрмін. Себебі ол болашақта өзіме керек болады ғой. Оқудың ақысын шәкіртақымнан төлеймін", - дейді оқушы.

Мектепте мыңға жуық оқушы білім алады. Әр тоғызыншы бала - оқу озаты. Төленетін шәкіртақы сомасы балалардың жас ерекшелігіне байланысты. Мысалы, екінші сынып оқушыларына 3 мың теңге, ал жоғары сыныптағылар 20 мың теңгеге дейін алады.

"Қазір қажетті затты ата-анамнан сұрамай, өзім сатып алуға тырысамын. Сіңілім де осы мектепте озат оқиды. Екеуіміз шәкіртақымызды жинап, 180 мың теңгеге күшік алдық. Бұл біздің көптен бергі арманымыз еді", - дейді оқушы Полина Васильева.

Мектеп директорының сөзінше, мұндай бастаманың арқасында балалар сабаққа ден қойып, үнемі жақсы көрсеткіштерге ұмтылады. Былтыр 49 оқушы халықаралық, тағы 56-сы республикалық олимпиадаларда топ жарған.

"Шәкіртақы алу үшін басқа мектептен бізге ауысқысы келетіндер көбейді. Сондай-ақ балалардың оқуға деген қызығушылығы артты. Яғни уақыт өткен сайын мектебімізде білім сапасы жақсарып келеді", - дейді мектеп директоры Аққу Омарова.

Ынталандыру шәкіртақысын осы мектептің түлегі, қаладағы меценаттардың бірі өз қалтасынан төлейді. Ол айына шамамен бұл мақсатқа бір миллион теңге аударады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus