Сырым би болып қана қоймай, батыр да болған екен. Қазіргі индер тауы мен Аюлы деген жердің ортасында «Шибұлақ» деген бұлақ бар. Сол жерде әуелде Нұралы хан мекендеген екен. Ол жер қазір «Ханшапқан» аталады. Сол жерде Нұралы ханды Сырым шапқан екен. Себебі Сырымға ханның тілі тисе керек және хан Байұлының біреуін өлтірсе керек. Сырымның құлағына хабар жеткен соң, ханның басын кесейін деп ордасына барады. Калмиков ол кезде — князь, Антон — патшаның сардары. Кінәлі деген адамдарды сонда апарып қамайтын болса керек. Сол уақытта Сырымның ханды шаба келе жатқанын ханға хабарламақ болып сол елдің Есім атты кісісі патшаға жүгіреді. Құлатөлген деген көлдің...