Қазақстан билігінен тағы да 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың аты-жөнін, қандай жағдайда қайтыс болғанын және басқа да деректерін, азаптау фактілері мен ол бойынша жүргізілген тергеулер туралы статистиканы ашық жариялау сұралып отыр. Бұл жолы мұны Қазақстанның кезекті есебін тыңдаған БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті талап етті.