АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Электрондық темекі, вейптерді адам неғұрлым көп тартса, соғұрлым тыныс алу жолына кері әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, адамда «өкпе дағы» туындайды. Бұл туралы Алматы қаласы емханаларының медицина қызметкерлері оқушы және студенттермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.