АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 8 жылдан бері балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.