АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (86 250 теңгеге) дейін ұлғаймақ. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.