АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл шілде айында дәулескер күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы туралы мультфильм жарық көрмек. Аталған туындыны дайындап жатқан мамандар арасында қазіргі таңда жастарға аниме стиліндегі суреттерімен танымал Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенті Аружан Ұнарбекова да бар. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі суретші қызбен әңгімелесіп, алдағы уақытта жарық көретін тың туынды туралы сұрап көрген еді.