АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіл ел аумағында қалың қар жауып, боран соғып, күн райының күрт бұзылуына байланысты бірқатар жолдар жабылды. Осындай жағдайда «Қазақстан темір жолы» қар басқан автожолдардан эвакуацияланған адамдарды пойызбен әкетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.