Қазақстанда президент сайлауы қарсаңында азаматтық белсенділер ұсталып жатыр. Құқық қорғаушылар мұны саяси науқан алдындағы қудалау деп бағалайды.
Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда аттылы адамды атып өлтірді деген әскери 6 жылға сотталды. Ал дүрбелеңде баласы қаза тапқан өскемендік әйелдің сөмкесінен "оқ табылды" деген полиция оны ұшаққа мінгізбеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда халықпен кездесті. Жиын өтіп жатқан ғимаратқа Азаттық тілшілерін кіргізбеді.