АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады, қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.