ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылына жақын маңда режиссер Талғат Теменовтің «Қара қыз» әскери драмасы түсіріліп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсіріліп жатқан фильм үшін тұтастай бір ауыл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.