Құрметті оқырман қауым, мақалада сіздерге ұсынылған субъективті ойлар мен мәтін арнайы білім алушының тарапынан ұсынылып отырған ақпараттар. Егер де қате не болмаса пікірмен келісмпеушілік идеялар туындаса, алдын ала кешірім сұраймын.
Ең әуелі "Журналсит деген кім?" - деген сұраққа жауап алайық. Журналист - ақпарат кеңістігінде белгілі бір тарапты нақты ұстанбайтын, әрі өз еркінен тыс өз субъективті және объективті пікірін жұмысына араластарымайтын ақпарат таратушы маман. Журналист әмбебап ақпарат алмастырушы қызметін атқарады. Оның функцияларына болған оқиға, ситуация, белгілі бір ақпаратты баяндап қана қоймай, оны сапалы түрде сұрыптай алуы шарт. Қоғам әртүрлі адамдардың шоғырланған орыны болғандықтан, ол жердегі ақпараттарды дүрыс тарата білуі үшін де ол саладан белгілі бір мөлшерде хабары болуы тиіс. Жарты сағат бұрын орын алған қылмыстық ситуация, қала аймағының бір бөлігінде орын алған халық наразылығы салдарынан туған митинг, түрлі оқыс ситуациялар мен төтенше...