Журналистің қызметін еліміз қашан бағалап еді? Қоғамда ақпарат таратып, бір-біріне жетуі қиын билік пен халықтың арасында еңбек етіп жүрген жандардың қызметі қандай деңгейдегі бостандықты талап етеді? Әлемдік деңгейде еркін сипат алған бұл мамандықтың да өзіндік қиындықтары мен еркін шектейтін тұстары болады. Теріс оқиғалар мен пікірлерге тап болумен қатар, өз еңбегін кейде ашып жеткізуден бас тартуына тура келіп жатыр. Сөз еркіндігі елімізде әлі де күдік тудырады. Ақпаратты мың саралап, белгілі бір рұқсат алып қана жариялатып жүрген журналистер көп. Әлде барлығы түгелдей осы қатардан ба? Тұлғалардың ықпалынсыз еркіндікпен мәселелерді қозғап, көпір болудың өзі әрбір маман үшін арман. Дегенмен де, еркіндік 100% жоқ...