Француз жазушысы Бальзак «төртінші билік» деп баға берген бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі таңда қоғам мен мәдениеттің ажырамас бөлшегі. ХХI ғасыр, қазіргі заман - ақпараттық соғыс дәуірі. Себебі, ақпарат - қазіргі кездегі кұнды дүние. Ал журналистика - саласы барлық бағыттың аялық білімін талап ететін құндылыққа толы мамандық. Журналистиканың даму жолында жоғары оқу орындарының маңызы зор. Өйткені сауатты, жоғары квалификацияланған мамандар өздерінің осы жолдағы алғашқы іргетастарын білім ошақтарында қалайды.
ХАТУ университеті - мемлекет бойынша журналистика және репортер ісі мамандығы бойынша алдынғы қатардағы оқу орындарының бірі. Олай деуге нақты дәлелдер баршылық. Халықаралық ақпараттық -технологиялар университеті деп атының өзінде айтылып тұрғандай, бұл білім ордасында...