АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.