САРЫСУ. ҚазАқпарат - Сарысу ауданының полиция бөліміне Саудакент ауылының тұрғыны жүгініп, 37 жастағы қарындасының жоғалып кеткенін айтқан. Әйел үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.