АСТАНА. ҚазАқпарат – Әуе рейсіне кешіккен жолаушы полицияға ұшақта жарылғыш зат бар деп хабарласып, кейін әзіл екендігін айтқан. Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.