Қазақстанда кезекті оқу жылы соңына жетті. Елдегі 7,5 мың мектептің арасында өткен ғасырдың басында салынған, қазір әбден тозған ғимаратта отырғаны да бар. Ата-анасы баласын құлағалы тұрған мектепке жіберуге қорқады. Ақтөбе облысы Темір көпір ауылындағы бастауыш мектеп 1938 жылы саманнан тұрғызылған үйде орналасқан. Биліктің жаңа мектеп салуға уәде еткеніне бірнеше жылдың жүзі болған.